РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ЕЛДІК РУХ ПЕН ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ ТОҒЫСҚАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Айтулы күнге орай ұйымдастырылған мәдени бағдарлама институт ұжымы мен біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларын бір арнаға тоғыстырды.
Мерекелік бағдарламада тыңдаушылар өнерлерін паш етіп, патриоттық рухтағы туындыларды орындады. Іс-шараның негізгі мақсаты - білім беру саласы қызметкерлерінің арасында мемлекеттік құндылықтарды ұлықтау, Отанға деген сүйіспеншілік пен кәсіби бірлікті нығайту.
Республика күні – елдігімізді ұлықтап, егемендігіміздің қадірін терең сезіндіретін ұлттық мереке. Бұл күн әрқайсымызға тәуелсіз елдің азаматы болудың жауапкершілігін еске салып, бірлік пен татулықтың, ортақ мақсат жолындағы еңбектің маңызын айқындайды.
Еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Республика күні құтты болсын!
Басқа жаңалықтар

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ: ТАТЬЯНА ХВАНМЕН КӘСІБИ КЕЗДЕСУ
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау мәселелеріне арналған кәсіби кездесу өтті.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты мен «Zerdeli Group» ЖШС білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды

«ЖАҢА ЖОБА - ЖАҢА МҮМКІНДІК»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және аттестаттаудың жаңа талаптарын түсіндіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен «Жаңа жоба – жаңа мүмкіндік» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.