МЕҢДІҚАРА АУДАНЫ ПЕДАГОГТЕРІНЕ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» филиалы педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Меңдіқара ауданының педагогтеріне аттестаттаудың пилоттық моделінің ерекшеліктері, кәсіби цифрлық профильді бағалау критерийлері мен аттестаттау рәсіміне қойылатын талаптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай кездесулер педагогтердің аттестаттау тәртібін тереңірек түсінуіне және аттестаттау рәсіміне сапалы дайындалуына бағытталған.
«Өрлеу» педагогтерге ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсетуді жалғастырады.
Басқа жаңалықтар

АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
Жетісу облысында педагогтерді аттестаттау рәсіміне қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

«БІР ҒҰМЫР, МЫҢ ШӘКІРТ»: МЕРЕКЕ АХМЕТОВТІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Ұстаздар үйінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, еңбек және тыл ардагері Мереке Ғұсманұлы Ахметовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Бір ғұмыр, мың шәкірт» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды кездесуге ардагер ұстаздың әріптестері, шәкірттері және институт қызметкерлері қатысты.

AI ДӘУІРІНДЕГІ ЖАС ПЕДАГОГ: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИДЕЯДАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМГЕ ДЕЙІН
Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «AI дәуіріндегі жас педагог: идея, инновация, нәтиже» атты онлайн облыстық цифрлық бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.