Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті

Курсқа Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудің тиімді әдістерін меңгеруде. Бағдарлама педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім беру үдерісін жетілдіруге және заманауи педагогикалық тәсілдерді тәжірибеге енгізуге бағытталған.
Курс аясында №152 мектеп-гимназия базасында «Заманауи білім беру технологиялары және жасанды интеллект арқылы білім сапасын жетілдірудің тиімді әдістері мен ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушылар заманауи білім беру технологияларын қолдану, жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізу және оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсетті.
Іс-шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы, курс жетекшісі Н.А. Карабалаева, аға оқытушы Ф.С. Нарсеитова және Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар қорытындысында қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, заманауи педагогикалық идеяларды білім беру үдерісіне енгізу жолдарын талқылады. Кездесу мұғалімдердің кәсіби дамуына және тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫ: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді.

БІР МӘСЕЛЕ – БІРНЕШЕ ШЕШІМ: ЗАМАНАУИ САБАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазіргі сабақта ең маңыздысы – оқушының дұрыс жауапты білуі ғана емес, сол жауапқа апаратын түрлі жолдарды көре білуі. Ал мұндай қабілетті дамытуда цифрлық технологиялардың мүмкіндігі қандай?

«ӨРЛЕУДЕ» ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ БАСТАЛДЫ
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» атты акция басталды. Бастамаға еліміздің 20 филиалынан құралған 21 команда қатысып, командалық оқу арқылы ортақ әдеби кеңістік қалыптастыруға кірісті.