Өрлеу

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған цифрлық білім беру платформалары бойынша семинар өтті

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған цифрлық білім беру платформалары бойынша семинар өтті

Іс-шараны «Алматыкітап» баспасының PR-бөлімінің бас әдіскері Арайлым Ерболатқызы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының бастауыш сынып бағытындағы аға оқытушылары, тренерлер Назерке Алимбайқызы мен Фатима Серікбаевна ұйымдастырып, жүргізді.

Семинар барысында Арайлым Ерболатқызы қатысушыларды «Алматыкітап» баспасының қызметімен таныстырып, цифрлық оқулықтарды әзірлеу кезеңдері мен тәжірибесі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар цифрлық оқулықтардың артықшылықтары, TopIQ.kz платформасының мүмкіндіктері, Qamqor жасанды интеллектінің білім беру үдерісіндегі рөлі және әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған TopIQ-Mobil Box жобасы таныстырылды.

Кездесу барысында мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарын сабақта қолдану және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары туралы мәлімет алды.

Семинар қорытындысында қатысушыларға кәсіби қызметтеріне табыс тілеп, цифрлық оқулықтардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жасанды интеллектіні білім сапасын арттыруға бағыттауға шақырды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған цифрлық білім беру платформалары бойынша семинар өтті — Өрлеу