Халықаралық деңгейдегі жетістік: Динара Шаймахановаға PhD дәрежесі берілді

2026 жылғы 12 қазанда «Өрлеу» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының ұжымы аға оқытушы Динара Садвакасовна Шаймаханованы ғылыми жолындағы маңызды жетістігі — философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен құттықтады!
2026 жылғы 9 қазанда Ұлыбританияның беделді жоғары оқу орындарының бірі — Бристоль университетінде (University of Bristol) Динара Садвакасовнаға ғылыми дәреже берілгенін растайтын сертификат табысталды.
Бұл — көпжылдық еңбектің, табандылықтың және кәсіби әрі ғылыми дамуға деген ұмтылыстың маңызды нәтижесі. Әріптесіміздің жетістігі — бүкіл ұжым үшін зор мақтаныш әрі педагогтер мен жас зерттеушілерге үлгі боларлық өнеге.
Басқа жаңалықтар

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
ҚР Ұлттық банкі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен педагогтерге арналған қаржылық сауаттылықты арттыру курсы жалғасуда.

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ МОДЕЛІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ
2026 жылғы 26 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейі» және Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсарин және заманауи педагог моделі: құндылық, құзыреттілік, инновация» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді