Өрлеу

ЕКІ АПТАЛЫҚ КӘСІБИ ОҚУ: КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

ЕКІ АПТАЛЫҚ КӘСІБИ ОҚУ: КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы - Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында 2026 жылғы 27 қазан - 6 қараша аралығында мемлекеттік тапсырыс негізінде ұйымдастырылған екі апталық біліктілікті арттыру курстары өз мәресіне жетті. 

Екі аптаға созылған кәсіби оқыту барысында педагогтер заманауи білім беру талаптарына сай білімдерін толықтырып, практикалық дағдыларын жетілдірді. Курстардың мазмұны педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдану, оқу үдерісін жоспарлау, сыныпты басқару, кәсіби бағдар беру, жас мамандардың педагогикалық қызметке бейімделуі және білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын кіріктіру бағыттарын қамтыды. 

🔹1) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Информатика»

🔹2) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «География»

🔹3) Педагогтің зерттеу тәжірибесін әдістемелік сүйемелдеу

🔹4) Новые подходы реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам: «Руский язык», и «Русская литература» Я1 

Оқу бағдарламаларын сәтті меңгерген тыңдаушыларға курс аяқталғанын растайтын сертификаттар табысталды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ЕКІ АПТАЛЫҚ КӘСІБИ ОҚУ: КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ — Өрлеу