Өрлеу

Сабақтың бастапқы кезеңің тиімді ұйымдастыру: мотивация, қызығушылық және белсенді оқу

Сабақтың бастапқы кезеңің тиімді ұйымдастыру: мотивация, қызығушылық және белсенді оқу

«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында «Сабақтың бастапқы кезеңін тиімді ұйымдастыру: мотивация, қызығушылық және белсенді оқу» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды филиалдың аға оқытушысы Гүлнар Ергасенова жүргізді. Ол қатысушыларға «Мотивация», «Қызығушылық тудыру» және «Белсенді оқу» бағыттары бойынша интерактивті ойындар ұйымдастырып, сабақтың алғашқы кезеңінде білім алушылардың назарын шоғырландыру, қызығушылығын ояту және белсенді қатысуын қамтамасыз ету тәсілдерін көрсетті.

Практикалық тапсырмалар арқылы сабақ үдерісін қызықты әрі мазмұнды ұйымдастырудың тиімді жолдары таныстырылды.

Семинар нәтижесінде филиал оқытушылары оқу курстарын мазмұнды, тартымды әрі нәтижелі өткізуге бағытталған жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, кәсіби тәжірибелерін толықтырды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Сабақтың бастапқы кезеңің тиімді ұйымдастыру: мотивация, қызығушылық және белсенді оқу — Өрлеу