ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР: ОҚУ МАҚСАТЫНА ЖЕТУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІКТЕРІ

Іс-шара педагогтердің кәсіби ізденісіне жаңа серпін беріп, курста алған білімдерін педагогикалық тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.
Вебинар барысында оқу мақсатына жетудің тиімді тетіктері таразыланып, сабақ сапасын арттырудың заманауи жолдары сараланды. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы ұлттық құндылықтар мен заманауи технологиялардың алтын арқауы сабақтастықта қарастырылды. Көркем шығармаларды оқыту мен талдаудың тиімді тәсілдері арқылы оқушының ой әлеміне жол ашудың, шығармашылық қабілетін ұштаудың мүмкіндіктері ұсынылды. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу мақсатына жетудің нақты қадамдары, оқушының танымдық белсенділігін арттырудың ұтымды жолдары, заманауи білім беру үдерісіндегі жаңашыл әдістемелік шешімдер кеңінен талқыланды. Вебинарда педагогтер пікір алмасып, сабақ барысында қолдануға болатын құнды әдістемелік ұсыныстар алды. Облыстық вебинар тәжірибе тоғысқан, ой-пікір өрбіген, кәсіби ізденіс қанат жайған әдістемелік алаңға айналды.
Вебинарда өз тәжірибелерімен бөліскен педагогтерге және барша қатысушыларға белсенділіктеріңіз бен қызығушылықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Әрбір ұсыныс – ұстаз тәжірибесіне нәр берер құнды тұжырым, әрбір әдіс – оқушы жетістігіне бастар сенімді баспалдақ, әрбір ізденіс – сапалы білімге бастайтын жарқын қадам.
Басқа жаңалықтар

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Кездесу барысында қазіргі еңбек нарығында аналитикалық және сыни ойлау, креативтілік, технологиялық сауаттылық, коммуникация және үздіксіз білім алу қабілеттерінің маңыздылығы атап өтілді. Спикердің айтуынша, бүгінгі білім беру жүйесінің міндеті – оқушыны белгілі бір мамандыққа ғана емес, өзгерістерге бейімделуге үйрету. Сондай-ақ жасанды интеллект дәуірінде адамның эмпатия, жүйелі ойлау, шығармашылық және белгісіз жағдайда шешім қабылдау секілді қабілеттерін дамыту қажеттілігі сөз болды.

ҚАЗЫҒҰРТТА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтының жоспарына сәйкес 27 қазан мен 6 қараша аралығында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқу курсы өтуде. Курс жетекшісі – Махфуза Мусаева.

«ӨРЛЕУДЕ» ТӨРТ КҮНДІК КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Тәжірибеге негізделген оқыту: педагогтердің кәсіби дамуындағы тренердің рөлі» тақырыбындағы төрт күндік оқыту қорытындыланды.