Өрлеу

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

ҚР Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ бірлескен жобасы аясында жүзеге асырылған «Қаржылық сауаттылық негіздері» біліктілікті арттыру курстарының биылғы соңғы легі өз мәресіне жетті.


Оқыту Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау облыстық филиалы базасында ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарының педагогтеріне қаржылық білімдерін тереңдетуге және оны кәсіби қызметінде тиімді қолдануға мүмкіндік берді.

2026 жылғы 28 қыркүйек пен 20 қараша аралығында жүзеге асырылған жоба аясында барлығы 122 тыңдаушы – білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, математика пәнінің мұғалімдері біліктілігін арттырды.

Курс бағдарламасы аясында тыңдаушылар жеке қаржыны басқару, отбасылық бюджетті жоспарлау, жинақтау мәдениетін қалыптастыру, ұлттық қаржы жүйесінің негіздері, ақша және инвестициялар, қаржылық қауіпсіздік пен тәуекелдерді бағалау мәселелерін жан-жақты қарастырды. Теориялық білім практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, қаржылық жағдайларды талдау, алаяқтық белгілерін анықтау және негізделген шешім қабылдау дағдыларын дамытуға басымдық берілді.

Оқытудың маңызды бағыттарының бірі – қаржылық сауаттылық негіздерін білім беру үдерісіне кіріктіру. Педагогтер оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қаржылық ұғымдарды түсіндіру, ақшаны тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ цифрлық қаржы құралдарын тиімді қолдану және жауапты қаржылық мінез-құлыққа баулу жолдарын талқылады.

Курс соңында бағдарламаны толық меңгерген тыңдаушылар қорытынды бағалаудан сәтті өтіп, біліктілікті арттыру туралы сертификаттарға ие болды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар