Өрлеу

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖАУАПТЫ МАМАНДАРЫНА: ПЕДАГОГ ПОРТФОЛИОСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТ-БАҒДАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖАУАПТЫ МАМАНДАРЫНА: ПЕДАГОГ ПОРТФОЛИОСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТ-БАҒДАР

Қосымша білім беру ұйымдарында педагогтердің аттестаттауға дайындығын сүйемелдейтін жауапты мамандар үшін онлайн-семинар ұйымдастырылды. Кездесудің өзегіне «Ұстаз» платформасында педагогтің кәсіби қызметін көрсететін портфолио материалдарын жинақтау мәселелері арқау болды. 

Семинар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасына әдістемелік қолдау көрсету жұмыстары аясында өтті.

Институт маманы, «Ұстаз» платформасының Атырау облысы бойынша кураторы Тулесинова Сымбат Багитовна қосымша білім беру педагогтерінің портфолиосын әзірлеуге қатысты негізгі қадамдарды түсіндірді. 

Қатысушыларға кәсіби жетістіктерді портфолиода көрсету, құжаттарды тиісті бөлімдерге орналастыру және олардың толықтығын тексеру жөнінде бағыт-бағдар ұсынылды. Жауапты мамандардың педагогтермен үйлесімді жұмыс жүргізуіне назар аударылды. 

Педагогтің кәсіби тәжірибесін жүйелі ұсыну ұйым ішіндегі сапалы әдістемелік сүйемелдеуден басталады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖАУАПТЫ МАМАНДАРЫНА: ПЕДАГОГ ПОРТФОЛИОСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТ-БАҒДАР — Өрлеу