Өрлеу

«Икигай»: өмір үйлесімі мен шығармашылыққа бастар жол

«Икигай»: өмір үйлесімі мен шығармашылыққа бастар жол

     «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты филиалында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы жалғасын тапты. Акция аясында кезекті кітап оқу сессиясы ұйымдастырылды.

   📚 Бұл жолы филиал ұжымы танымал жапондық нейробиолог, ғалым әрі жазушы Кен Могидің «Икигай» атты әлемдік бестселлерінің IV, V және VI бөлімдерін талқылады.

  📌 Аталған бөлімдерде өмірдің қарапайым сәттерінен сұлулық пен қуаныш табу, адамның белгілі бір іске бар ынтасымен берілуі, шығармашылық қабілетті дамыту, сондай-ақ өмірдегі үйлесімділік пен тұрақтылықты сақтау мәселелері қарастырылады.

    Автор күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек болып көрінетін сәттердің өзі адамға ерекше қуаныш сыйлай алатынын атап өтеді. Сонымен қатар, сүйікті іспен айналысу, өз қабілетіңді дамыту және айналаңмен үйлесімді қарым-қатынас орнату өмірдің мәнін тереңірек түсінуге ықпал ететінін көрсетеді.

  💫 Кітапты талқылау барысында ұжым мүшелері туындыдағы ойлармен бөлісіп, өмірлік құндылықтар, кәсіби даму және жеке тұлғалық қалыптасу туралы пікір алмасты.

   Осындай кітап оқу сессиялары ұжымда оқырмандық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, ой-өрісті кеңейтуге, жаңа идеялармен бөлісуге және рухани дамуға жол ашады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Икигай»: өмір үйлесімі мен шығармашылыққа бастар жол — Өрлеу