«Ұстаз» платформасы бойынша онлайн ақпараттық семинар өтуде

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Түркістан
облысы бойынша кәсіби даму институты мен Түркістан облысының білім басқармасы,
Білім беруді дамыту орталығымен бірлесе «Ұстаз» платформасы бойынша онлайн
ақпараттық семинар өткізді.
Семинарға орталықтың әдіскері Жадыра Тойшиева және және
институттың ІТ маманы Ердәулет Алимжанов қатысып, білім беру ұйымдарының
жауапты мамандарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Ұстаз»
платформасының мүмкіндіктері, жүйеге деректерді енгізу талаптары мен тәртібі
жайлы жан-жақты бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар педагогтердің жеке профилін
дұрыс толтыру тәртібі, құжаттарды жүктеу кезінде туындауы мүмкін қындықтардың
себептерін анықтау және олардың алдын алу жайы қарастырылды.
Біліктілік санатының әр санаты бойынша шектік деңгейлер
түсіндірілді.
Қатысушылар аттестаттау материалдарын жүйелі дайындау
бойынша ақпараттармен танысып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Алғаш рет пилоттық жоба ретінде қолға алынып отырған
платформа бойынша техникалық және әдістемелік қолдауға бағытталған
ақпараттық-түсіндірме жұмыстар тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 20-24 қараша аралығында
аудандық/қалалық білім бөлімдерінің жауапты мамандарына, педагогтерге
түсіндірме жұмыстары жалғасатын болады.
Басқа жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ: ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ
География пәнін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану – білім алушылардың кеңістіктік ойлауын қалыптастыруға, ақпаратты талдау дағдыларын жетілдіруге және функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.

«Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау»
30 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Өрлеу Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды ғылыми-әдістемелік басқосуға 2000-ға жуық педагог қатысып, білім беру саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті.

Курстан кейінгі қолдау және мониторинг: Әдістемелік семинар өтті
Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Курстан кейінгі қолдау және педагог қызметінің мониторингін жүргізу тәртібі» тақырыбында ақпараттық-әдістемелік семинар өтті.