Инклюзия тәжірибеде: «ерекше қажеттіліктерден» «кедергілерді жоюға» дейін

«Инклюзивті педагогика. Баршаға арналған білім» студенттік ғылыми қоғамының (СҒҚ) қызметі аясында инклюзивті білім беру бағытында білім алып жүрген педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған «Инклюзия тәжірибеде: „ерекше қажеттіліктерден“ „кедергілерді жоюға“ дейін» атты ғылыми-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі спикері — Ахметова Әсем Еділжанқызы, «Өрлеу» «Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының қоғамдық-гуманитарлық бағыт кафедрасының аға оқытушысы. Ол инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың практикалық тәсілдерімен және кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараны ұйымдастыруға және оның мазмұнын қалыптастыруға Халықаралық кампустың аға оқытушылары — Бекболатова Бейнегүл Ермекқызы, Джаксалықова Әсел Сарымқызы және Маликов Алексей Витальевич те белсенді қатысты. Олар өз баяндамаларын ұсынып, инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері бойынша кәсіби пікірталасқа үлес қосты.
Іс-шараның негізгі идеясы: инклюзия — білім алушыны қолданыстағы жүйеге бейімдеу ғана емес, әр адамның оқу үдерісіне толық қатысуына, дамуына және жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін білім беру ортасын қалыптастыру.
Іс-шара болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, ғылыми-зерттеу қызығушылықтарын арттыруға және инклюзивті білім берудің практикалық аспектілерін тереңірек түсінуге ықпал етті.
Бірге баршаға қолжетімді, әділетті және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыра алатын болашақ педагогтерді даярлаймыз!

Басқа жаңалықтар

Меркі ауданында ғылыми және әдістемелік мақала жазу бойынша семинарлар өткізілді
Меркі ауданындағы Трубицына атындағы мектепте, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейде және №39 мектеп-гимназиясында педагогтерге арналған ғылыми және әдістемелік мақала жазу бойынша ақылы семинар-практикумдар өткізілді.

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институтының ұжымы мектеп педагогтерімен маңызды кездесу өткізді

«ҚҰНДЫЛЫҚТЫ САБАҚТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ»: БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ПРАКТИКУМ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн-практикум өтті. Қала және облыс педагогтері қатысқан кездесуде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын сабақ мазмұнына кіріктіру жолдары қарастырылды.