Өрлеу

Жетісу облысы бойынша "Өрлеу" филиалының басшысы аппараттық кеңесте: педагогтердің инновациялары мен дамуына баса назар аударды

Жетісу облысы бойынша "Өрлеу" филиалының басшысы  аппараттық кеңесте: педагогтердің инновациялары мен дамуына баса назар аударды

"Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығында маңызды аппараттық кеңес өтті, онда білім беру саласын дамытудың негізгі бағыттары талқыланды. "Өрлеу" Жетісу облысы бойынша филиалының басшысы Алмагүл Балшенова, стратегиялық жобаларды талқылауға және басым міндеттерді анықтауға белсене қатысты.

Күн тәртібінде оқу процесіне жасанды интеллектті енгізу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өңірлік филиалдардың жұмысын жетілдіру сияқты өзекті мәселелер тұрды. Мектептерде АИ-платформасын қолдану жөніндегі пилоттық жобаға, сондай-ақ "қаржылық сауаттылық негіздері"жобасы бойынша Ұлттық банкпен ынтымақтастық нәтижелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша инновацияларды тиімді енгізуге, педагогтерді қолдауға және филиалдардың жұмыс сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық бастамаларды іске асыру бойынша нақты қадамдар белгіленді. "Өрлеу" филиалы облыс бойынша Жетісу өңірдің педагогикалық қоғамдастығын дамыту және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша жүйелі жұмысқа дайындығын растады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Жетісу облысы бойынша "Өрлеу" филиалының басшысы аппараттық кеңесте: педагогтердің инновациялары мен дамуына баса назар аударды — Өрлеу