ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ ҚҰЗЫРЕТТЕРІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Конференция аясындағы секциялық
жұмыс барысында «Өрлеу» Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының
аға тренері Батькаева Гулнара Аскаровна «Жасанды интеллект және функционалдық
сауаттылық: заманауи педагог құзыреттері қалай өзгеруде?» тақырыбында баяндама
жасады.
Баяндама барысында білім
алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған практикалық
тапсырмаларды әзірлеуде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану жолдары
қарастырылды.
Сонымен қатар заманауи педагогтің
кәсіби құзыреттерінің трансформациясына, оқу тапсырмаларын жобалаудағы рөліне,
жасанды интеллект арқылы жасалған материалдарды сыни тұрғыдан бағалауына,
сондай-ақ білім алушылардың талдау, дәлелдеу және негізделген шешім қабылдау
дағдыларын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Баяндама соңында жасанды
интеллект педагогті қолдауға арналған құрал болғанымен, оның кәсіби қызметін
алмастыра алмайтыны атап өтілді. Цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігі
олардың педагогикалық тұрғыдан сауатты пайдаланылуына байланысты. Ал біліктілікті
арттыру жүйесінің басты міндеті – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыруға қажетті педагог құзыреттерін дамыту болып қала береді.
Басқа жаңалықтар

Білім берудегі инновациялар: «Өрлеу» Ақмола филиалында конференция өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Жаңашыл мектеп: білім сапасы, инновациялар және педагогикалық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында «Білім беру процесінде біртұтас тәрбие құндылықтарын іске асыру» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҮНДЕСТІГІ: КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Бүгінде жасанды интеллект – білім алушының шығармашылық әлеуетін ашуға, тың идеяларын жүзеге асыруға және оқу үдерісін жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік беретін заманауи құрал. Әсіресе, шығармашылық пен практикалық әрекетке негізделген көркем еңбек пәнінде оның мүмкіндігі мол.