Өрлеу

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕДАГОГТІҢ МҮМКІНДІГІН ҚАЛАЙ КЕҢЕЙТЕДІ?

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕДАГОГТІҢ МҮМКІНДІГІН ҚАЛАЙ КЕҢЕЙТЕДІ?

Бүгінде бұл сұрақтың орнына жасанды интеллектіні білім беру үдерісін жетілдіру үшін қалай тиімді пайдалануға болады деген сауалды жиі қою қажет.

Дәл осы мәселеге «Сымбат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында өткен оқыту семинары арналды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының магистрі Бәдигүл Асанбай педагогтермен кездесіп, жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен оны білім беру үдерісіне кіріктірудің практикалық жолдарын талқылады.

Келесі спикер – №9 мектеп-гимназиясының мұғалімі Әлбек Алдрапеков оқу тәжірибесінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолданудың нақты жолдарын және педагогтің күнделікті жұмысына қолдау көрсете алатын цифрлық мүмкіндіктерді таныстырды.

Семинар барысында педагогтер жасанды интеллектіні сабақтың әртүрлі кезеңдерінде пайдалану, оқу материалдарын білім алушылардың деңгейіне қарай бейімдеу, тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар әзірлеу, сабаққа арналған тың идеялар іздеу, сондай-ақ мұғалімнің уақытын үнемдеу мүмкіндіктерін қарастырды.

Жасанды интеллект – тек дайын жауап ұсынатын құрал емес. Ол – педагогтің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтетін цифрлық көмекші. Ең бастысы – технологияны жай ғана пайдалану емес, оның мүмкіндіктерін нақты педагогикалық мақсаттарға бағыттай білу.

Өйткені қазіргі мұғалім үшін цифрлық технологияларды меңгеру ғана жеткіліксіз. Ең маңыздысы – оларды білім сапасын арттыруға ықпал ететін тиімді құралға айналдыра білу.

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕДАГОГТІҢ МҮМКІНДІГІН ҚАЛАЙ КЕҢЕЙТЕДІ? — Өрлеу