ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

«ЖИ құралдарын қолдана отырып, жекелендірілген ойын және дидактикалық материалдарды әзірлеу» тақырыбында мазмұнды семинар өтті.
Семинар барысында педагогтер ChatGPT, Gamma, Canva AI секілді заманауи жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерімен танысып, оларды мектепке дейінгі білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде қарастырды.
Қатысушылар дидактикалық материалдар әзірлеу, презентациялар жасау, жасанды интеллект көмегімен ойын элементтерін құрастыру, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта ұсыну және экологиялық тәрбие бағытындағы инновациялық тәсілдер бойынша тәжірибе алмасты.
Семинар педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, шығармашылық ізденісі мен кәсіби дамуына жаңа серпін берді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Сандуғаш Оралханқызы Комекова және Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілері қатысты.
Іс-шара модераторы – Бердиева Ақмарал Құнанбаевна.
Бағдарлама аясында қатысушылар:
- «Жылы шеңбер» тренингіне қатысып;
- ChatGPT негізінде дидактикалық ойындар әзірлеп;
- Gamma және Canva AI құралдарымен презентациялар жасап;
- жасанды интеллект арқылы мамандықтар әлемін таныстыру;
- ұлттық құндылықтарды заманауи форматта ұсыну;
- экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы жасанды интеллект мүмкіндіктері тақырыптарында тәжірибе алмасты.
Семинар концерттік бағдарламамен қорытындыланып, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Осындай тәжірибелік іс-шаралар мектепке дейінгі білім беру жүйесіне цифрлық технологияларды енгізуге, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және заманауи дамытушы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Бастауыш сынып білім алушыларының оқу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, тұрақты оқу дағдыларын қалыптастыру және оқу мәдениетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Д.Ш. Жумагалиева жүргізіп, қатысушыларды кездесудің тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижелерімен таныстырды.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Мемлекеттік стандарт талаптарын жүзеге асыру: бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениеті мен функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын оқу үдерісінде жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылады. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Д.Ш. Жумагалиева жүргізді.

БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ: ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қазіргі білім беру жүйесі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуымен қатар жаңа талаптар мен мүмкіндіктерге ие болуда. Әсіресе жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне тиімді енгізу, оқытудың заманауи әдістемелерін жетілдіру және білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.