Өрлеу

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың  5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Мемлекеттік стандарт талаптарын жүзеге асыру: бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениеті мен функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын оқу үдерісінде жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылады. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Д.Ш. Жумагалиева жүргізді.

Вебинар барысында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдары, оқу мәдениетін дамытудың инновациялық әдістері және storytelling технологиясын қолдану мүмкіндіктері таныстырылды. Атап айтқанда, Биғали Нұргүл Амантайқызы «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында, Гумарова Айымжан Сүйеғалиқызы «Storytelling 4L: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту моделі» тақырыбында, ал Исламғалиева Әсел Маратқызы «Оқуға құштар ұрпақ: Бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениетін қалыптастырудың инновациялық әдістері» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу соңында ұсынылған әдістемелік тәжірибелер қорытындыланып, қатысушылар оқу мәдениеті мен функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тиімді тәсілдерді сабақ барысында қолдану мүмкіндіктерін саралады. Вебинар бастауыш білім беру сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге және мемлекеттік стандарт талаптарын тиімді жүзеге асыруға бағытталған әдістемелік алаң болды.

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ — Өрлеу