БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ: ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ

Осы бағыттағы кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің Педагогика, бизнес және құқық институты оқытушылары мен магистранттарына арналған «Жасанды интеллект дәуіріндегі жоғары білім: оқытудың жаңа әдістемесі, бағалау және білім алушының зерттеушілік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Аталған кәсіби іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының тренері Сандуғаш Оралханқызы қатысып, білім беру саласындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді пайдалану, оқытудың инновациялық әдістерін енгізу, білім сапасын арттыру, бағалаудың заманауи тәсілдері және білім алушылардың зерттеушілік әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесу аясында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, тың идеяларымен бөлісті. Сонымен қатар жоғары білім беру жүйесінің даму перспективаларына, оқытушының кәсіби рөліне және цифрлық технологиялардың оқу үдерісіндегі мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай кәсіби кездесулер педагогтердің тәжірибесін жетілдіруге, заманауи білім беру үрдістерін зерделеуге және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
«Өрлеу» Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты білім беру саласындағы өзекті бастамаларды қолдап, педагогтердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және инновациялық идеяларды таратуына бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді.
Білімді ұрпақ – ел болашағы, ал жаңашыл ұстаз – сол болашақтың бағдары!
Басқа жаңалықтар

Оқу мәдениеті – ортақ құндылық
Кітап оқу – рухани дамудың, зияткерлік өсудің және дүниетанымды кеңейтудің маңызды құралы. Оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының барлық филиалдары «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» атты ортақ акцияны бастады. Бастама «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдау аясында жүзеге асырылуда.

ТӘЛІМГЕРЛІК – ЖАС МАМАННЫҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЖОЛ АШАТЫН МҮМКІНДІК
Жас маманның педагогикалық ортаға сенімді қадам басуы, өз әлеуетін ашуы және кәсіби тұрғыдан қалыптасуы – жүйелі қолдау мен тиімді бағыт-бағдарды қажет ететін үдеріс. Бұл ретте тәлімгерлік тек тәжірибе алмасу құралы ғана емес, жас педагогтің жаңа идеяларды сынап, өз тәжірибесін қалыптастыруына мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаң.

Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы инклюзивті тәсілдер бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалында «Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы инклюзивті тәсілдер: оқудағы қиындықтарды еңсеру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аяқталды.