ТӘЛІМГЕРЛІК – ЖАС МАМАННЫҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЖОЛ АШАТЫН МҮМКІНДІК

Жас маманның педагогикалық ортаға сенімді қадам басуы, өз әлеуетін ашуы және кәсіби тұрғыдан қалыптасуы – жүйелі қолдау мен тиімді бағыт-бағдарды қажет ететін үдеріс. Бұл ретте тәлімгерлік тек тәжірибе алмасу құралы ғана емес, жас педагогтің жаңа идеяларды сынап, өз тәжірибесін қалыптастыруына мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаң.
Осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылап, тың тәсілдер мен тиімді тәжірибелерді ортаға салу мақсатында І. Есенберлин атындағы №15 жалпы білім беретін орта мектебінде филиалдың аға оқытушылапы Гүлнара Абулхайрова мен Ляззат Ермекбаеваның жетекшілігімен «Жас мамандардың кәсіби бейімделуін жетілдіруде тәлімгерліктің инновациялық технологияларын қолдану» тақырыбында облыстық шеберхана ұйымдастырылды.
Шеберхана барысында тәлімгерліктің дәстүрлі шеңберінен шығып, жас маманның кәсіби қажеттіліктеріне негізделген заманауи қолдау тетіктері қарастырылды. Қатысушылар тәжірибелік тапсырмалар арқылы тәлімгер мен жас педагог арасындағы тиімді қарым-қатынастың, кері байланыстың, кәсіби рефлексия мен бірлескен ізденістің маңызын зерделеді.
Кездесудің басты құндылығы – дайын шешімдерді ұсыну емес,
жас маманның өз кәсіби жолын табуына көмектесетін тиімді тәсілдерді бірлесе
іздеу, тәжірибені жаңаша көзқараспен бағамдау болды.
Өйткені жақсы тәлімгер жас маманға тек жол көрсетіп қана
қоймайды, оның өз жолын табуына мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ: ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қазіргі білім беру жүйесі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуымен қатар жаңа талаптар мен мүмкіндіктерге ие болуда. Әсіресе жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне тиімді енгізу, оқытудың заманауи әдістемелерін жетілдіру және білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Оқу мәдениеті – ортақ құндылық
Кітап оқу – рухани дамудың, зияткерлік өсудің және дүниетанымды кеңейтудің маңызды құралы. Оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының барлық филиалдары «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» атты ортақ акцияны бастады. Бастама «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдау аясында жүзеге асырылуда.

Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы инклюзивті тәсілдер бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалында «Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы инклюзивті тәсілдер: оқудағы қиындықтарды еңсеру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аяқталды.