Өрлеу

Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы инклюзивті тәсілдер бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды

Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы инклюзивті тәсілдер бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалында «Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы инклюзивті тәсілдер: оқудағы қиындықтарды еңсеру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

Оқу бағдарламасының қорытынды кезеңінде бастауыш сынып педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке педагогикалық қолдау пакеттерін қорғады.

Тыңдаушылар дислексия, дисграфия және дискалькулияға байланысты қиындықтарды еңсеруге бағытталған практикалық шешімдерін ұсынды. Жобаларда оқу, жазу және математикалық сауаттылық дағдыларын дамыту тәсілдері қамтылды.

Жеке қолдау шешімдерін әзірлеу барысында педагогтер психологиялық-педагогикалық диагностика саласындағы білімдерін, когнитивтік және метакогнитивтік стратегияларды, цифрлық және жасанды интеллект құралдарын, сондай-ақ жеке білім беру бағыттарын құру әдістерін қолданды.

Ұсынылған әзірлемелердің практикалық маңызы зор. Олар мұғалімдерге білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге, оқудағы қиындықтарды уақтылы анықтап, еңсеруге және әр баланың табысты дамуына қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Келесі кезеңде педагогтерге курстан кейінгі қолдау көрсетіліп, меңгерілген тәжірибелер білім беру үдерісіне енгізіледі.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы инклюзивті тәсілдер бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды — Өрлеу