Өрлеу

Оқу мәдениеті – ортақ құндылық

Оқу мәдениеті – ортақ құндылық

Аталған игі бастамаға «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының ұжымы да белсенді түрде қосылды.


Акция аясында Алматы филиалының қызметкерлері қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген «Абай жолы» роман-эпопеясының бірінші томын бірлесе оқуды қолға алды.


«Абай жолы» – қазақ халқының тарихын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, дүниетанымы мен рухани болмысын кеңінен танытатын бірегей көркем шығарма. Роман-эпопея арқылы оқырман ұлы Абайдың қалыптасу жолымен танысып қана қоймай, тұтас бір дәуірдің тыныс-тіршілігін, адамгершілік пен ізгілік құндылықтарын терең түсіне алады.


«Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясының негізгі мақсаты – ұжым арасында кітап оқу дәстүрін қалыптастыру, қызметкерлердің зияткерлік әлеуетін арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және ортақ оқырмандық мәдениетті дамыту.


Кітап оқу – жеке тұлғаның дамуына ықпал етіп қана қоймай, сыни ойлауды қалыптастырады, дүниетанымды кеңейтеді, сөздік қорды байытады. Ал ұжым болып кітап оқу ортақ тақырып төңірегінде ой бөлісуге, көзқарастарды салыстыруға және жаңа идеялардың қалыптасуына мүмкіндік береді.


Білім беру саласының мамандары үшін оқу мәдениетін дамыту – кәсіби дамудың да маңызды құрамдас бөлігі. Себебі үнемі ізденіп, білімін толықтырып отыратын маман ғана заман талабына сай жаңашылдыққа ұмтылады.


«Өрлеу» Алматы филиалының ұжымы бұл бастаманы рухани дамуға бағытталған маңызды қадам ретінде қабылдап, кітап оқу дәстүрін күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруға ниетті.


Кітап оқиық, ой бөлісейік, бірге дамыйық!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Оқу мәдениеті – ортақ құндылық — Өрлеу