БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ
«Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Бастауыш
сынып білім алушыларының оқу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында вебинар өтті.
Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, жас ұрпақтың кітап оқуға
қызығушылығын арттыру, тұрақты оқу дағдыларын қалыптастыру және оқу мәдениетін
дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Д.Ш.
Жумагалиева жүргізіп, қатысушыларды кездесудің тақырыбы, мақсаты мен күтілетін
нәтижелерімен таныстырды.
Вебинар барысында бастауыш сынып білім алушыларының оқу
дағдыларын қалыптастырудың тиімді тәсілдері мен педагогикалық тәжірибеде
қолданылатын әдістер ұсынылды. Утегенова Рая Айбасқызы «Бастауыш сынып білім
алушыларының оқу дағдыларын қалыптастырудың тиімді тәсілдері» тақырыбында,
Хайруллина Римма Бақытқызы «Кітаптан – мәдениетке: бастауыш сынып оқушысының
оқу әлемін қалыптастыру» тақырыбында, ал Надирова Қараша Амангелдіқызы «Бастауыш
сынып оқушыларының оқу мәдениетін қалыптастырудың әдістері» тақырыбында
тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу соңында ұсынылған әдістемелік тәжірибелер
қорытындыланып, оларды оқу үдерісінде қолдану жолдары қарастырылды. Қатысушылар
оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқуға тұрақты дағды
қалыптастыру және бастауыш буыннан бастап оқу мәдениетін дамыту бағытындағы
тиімді тәсілдерді талқылады. Вебинар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына
және бастауыш білім беру сапасын арттыруға бағытталған мазмұнды әдістемелік
алаң болды.
Басқа жаңалықтар

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Мемлекеттік стандарт талаптарын жүзеге асыру: бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениеті мен функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын оқу үдерісінде жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылады. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Д.Ш. Жумагалиева жүргізді.

БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ: ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қазіргі білім беру жүйесі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуымен қатар жаңа талаптар мен мүмкіндіктерге ие болуда. Әсіресе жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне тиімді енгізу, оқытудың заманауи әдістемелерін жетілдіру және білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Оқу мәдениеті – ортақ құндылық
Кітап оқу – рухани дамудың, зияткерлік өсудің және дүниетанымды кеңейтудің маңызды құралы. Оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының барлық филиалдары «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» атты ортақ акцияны бастады. Бастама «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдау аясында жүзеге асырылуда.