Өрлеу

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖИ: МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ПІКІРТАЛАС!

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖИ: МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ПІКІРТАЛАС!

Пікірталастың басты тақырыбы – «ЖИ көмегімен оқыту және академиялық адалдық: тепе-теңдікті қалай сақтаймыз?»


Іс-шараны ұйымдастыруға институттың аға оқытушылары Айжан Идрисовна, Гульжанат Габдулахметовна, Салтанат Жаксылыковна, Гүлбала Кеніштайқызы және Айгүл Аманжолова атсалысты.


Қазіргі таңда жасанды интеллект білім беру саласының ажырамас бөлігіне айналып келеді. Осыған байланысты мұғалімдер «ЖИ білім сапасын арттыра ма, әлде академиялық адалдыққа қауіп төндіре ме?» деген маңызды сұрақ төңірегінде пікір алмасты.


📍 Пікірталас бірнеше кезең бойынша өтті:


🔹 «Біздің ұстаным» – командалардың көзқарасын таныстыру;


🔹 «Жылдам пікір» – жедел уәждер мен жауаптар;


🔹 «Debate Battle» – ЖИ-дің білім сапасына ықпалы жөніндегі пікірсайыс;


🔹 «Case Study» – педагогикалық жағдаяттарды талдау;


🔹 «AI LAB» – ЖИ қолданудың этикалық кодексін әзірлеу және постер қорғау.


Қатысушылар жоғары деңгейдегі сыни ойлау, креативтілік және командалық жұмыс дағдыларын көрсете білді.


Пікірталас барысында:


«Болашақтағы ең маңызды мұғалім дағдысы – адамгершілік пен ойлау қабілеті»,


«ЖИ ойламайды. Ойлайтын – адам» деген мазмұнды тұжырымдар айтылды.


Сайыс қорытындысы бойынша үздік командалар мен ұстаздар «Үздік аргумент», «Үздік креативті команда», «Үздік шешім», «Академиялық адалдық жанашыры» және «Digital Teacher» номинацияларымен марапатталды.


Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!


Білім мен технология үндескен болашақты бірге қалыптастырайық! 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар