Өрлеу

ЖИ МОДЕЛЬДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ

ЖИ МОДЕЛЬДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ
2026 жылғы 6 қарашада Институттың жылдық жоспарына сәйкес Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты жалпы орта білім беретін мектептердің информатика пәні мұғалімдеріне арналған курсаралық және курстан кейінгі қолдау аясында «ЖИ модельдері арқылы оқыту сапасын арттыру: тәжірибе және кәсіби даму» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жасанды интеллект модельдерін білім беру үдерісінде тиімді қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, инновациялық тәжірибені жетілдіру және оқыту сапасын арттыруға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу.
Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллект модельдерінің білім беру саласындағы мүмкіндіктерімен танысып, оларды информатика сабақтарында қолдану жолдарын талқылады. Сонымен қатар оқу материалдарын әзірлеу, тапсырмаларды саралау, бағалау құралдарын құрастыру және тиімді промт жазу бойынша практикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Курсаралық іс-шара педагогтердің кәсіби байланысын нығайтуға, тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісіне жаңа технологияларды тиімді енгізуге бағытталған мазмұнды алаңға айналды.
Жасанды интеллект – педагогтің кәсіби дамуы мен оқыту сапасын арттырудың заманауи мүмкіндігі!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ЖИ МОДЕЛЬДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ — Өрлеу