ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – МҰҒАЛІМ АССИСТЕНТІ: ИНФОРМАТИКА САБАҒЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

2026 жылғы 6 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс
Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының ұйымдастыруымен
информатика пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өтті.«Жасанды интеллект –
мұғалім ассистенті: Информатика пәні бойынша тиімді ҚМЖ және бағалау
тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбындағы вебинарға филиалдың аға оқытушысы А.Ж.Абдрахманова
жетекшілік етті.
Вебинардың негізгі мақсаты – информатика пәні мұғалімдерінің
оқу процесін жоспарлауда, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын әзірлеуде және
сапалы бағалау тапсырмаларын құрастыруда жасанды интеллект құралдарын тиімді
пайдалану дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында информатика білім берудегі
жасанды интеллект мүмкіндіктері, мұғалімнің жұмыс уақытын оңтайландыру, сабақ
жоспарлауды автоматтандыру және цифрлық шешімдерді оқу үдерісіне кіріктіру
мәселелері қарастырылды.
Спикерлер практикалық құралдар мен әдістемелік
тәсілдерді таныстырып, келесі бағыттар бойынша тәжірибелерімен бөлісті:
–
информатика сабағында қолдануға арналған заманауи жасанды интеллект сервистері
мен цифрлық құралдар;
– ЖИ көмегімен тиімді қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу және объективті
бағалау критерийлерін құрастыру;
– оқушылардың ықтимал қателіктері мен түсініспеушіліктерін ескере отырып, ҚМЖ
құрастырудың авторлық моделі;
– Live Coding форматы арқылы оқушылардың алгоритмдік және шығармашылық ойлауын
дамыту.
Вебинар барысында ұсынылған практикалық материалдар
педагогтерге жасанды интеллект құралдарын сабақ дайындау, оқу тапсырмаларын
әзірлеу және оқушылардың білімін бағалау үдерістерінде тиімді қолдану жолдарын
зерделеуге мүмкіндік берді.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар рефлексия жасап,
жасанды интеллектіні информатика сабағында қолдану тәжірибесі бойынша пікір
алмасты.
Басқа жаңалықтар

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
ҚР Ұлттық банкі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен педагогтерге арналған қаржылық сауаттылықты арттыру курсы жалғасуда.

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ МОДЕЛІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ
2026 жылғы 26 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейі» және Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсарин және заманауи педагог моделі: құндылық, құзыреттілік, инновация» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді