Өрлеу

КЕҢЕЙТІЛГЕН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалында кезекті кеңейтілген ғылыми кеңес отырыс өткізілді. Кеңес отырысы филиал директоры Нұржан Мәдірайұлы Нұрлыбаевтың төрағалығымен өтті.

🔹Ғылыми кеңесте Мемлекеттік тапсырыс негізінде орындалып жатқан біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, Курстан кейінгі қолдау жұмыстарының жүргізілу барысы, «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы, ақылы курстардың жоспарға сәйкес жүргізілуі, курстарды жоспарлап өткізу алгоритмі, оқу әдістемелік құралдарды баспаға ұсыну, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуы, жоғары тұрған органдардан келген хаттар мен тапсырмалардың дер кезінде орындалуын бақылау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және болдырмау бағытындағы мәселелер қаралды.

🔹Кеңес қорытындысына сәйкес филиал директоры Н.Нұрлыбаев жауапты мамандарға бірқатар тапсырмаларды жүктеді:
➖Мемлекеттік тапсырыс негізінде жүзеге асырылатын біліктілікті арттыру курстарын бекітілген жоспарға, оқу бағдарламаларына және белгіленген талаптарға сәйкес сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
➖Курстан кейінгі қолдау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, педагогтердің курста алған білімдерін тәжірибеде қолдану нәтижелерін мониторингтеу және әдістемелік қолдау көрсету жұмыстарын күшейту;
➖ «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын республикалық кезеңге дайындау;
➖Ақылы негізде өткізілетін біліктілікті арттыру курстарының бекітілген жоспарға сәйкес уақытылы әрі сапалы өткізілуін қамтамасыз ету, жоспардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу;
➖Біліктілікті арттыру курстарын жоспарлау және өткізу алгоритмін қайта қарап, барлық жауапты құрылымдық бөлімдер мен мамандардың кезеңдік міндеттерін нақтылау және белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
➖Оқу-әдістемелік құралдарды баспаға ұсыну жұмыстарын белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырып, олардың мазмұнына, сапасына, сараптамадан өтуіне және рәсімделуіне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
➖Филиалдың ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, еңбек және орындаушылық тәртіпті күшейту, қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануына және қызметтік міндеттерін сапалы орындауына бақылау жасау;
➖Жоғары тұрған органдардан келіп түсетін хаттар мен тапсырмалардың белгіленген мерзімдерде сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
➖Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және болдырмау бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту, қызметтік міндеттерді орындау барысында заңдылық, ашықтық, адалдық және әділдік қағидаттарын қатаң сақтау;
➖Әрбір бағыт бойынша жауапты мамандардың атқарған жұмыстарының нәтижелілігін талдап, анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар қабылдау және олардың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсыну.

🔹Кеңес соңында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының өңірлік кезеңінде сарапшы ретінде белсене атсалысқан филиал аға оқытушыларына «Алғыс хаттар» табысталды.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

КЕҢЕЙТІЛГЕН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ — Өрлеу