Өрлеу

Ой салатын кітап: «Парасат майданы»

Ой салатын кітап: «Парасат майданы»
Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы аясында алғашқы кітап оқу және талқылау кездесуі өтті.
Филиал қызметкерлеріне жеребе нәтижесінде жазушы Төлен Әбдікұлының «Парасат майданы» шығармасы бұйырды.
Кездесу барысында қатысушылар шығарма мазмұнын талқылап, көтерілген философиялық мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Адамгершілік, ар-ождан, ізгілік пен зұлымдық арасындағы күрес сияқты маңызды тақырыптар талқылауға арқау болды.
Кітап талқылауы әріптестер арасында пікір алмасуға, түрлі көзқарастарды тыңдауға және оқылған шығармаға тереңірек үңілуге мүмкіндік берді.
 Кітап оқу – білімді толықтыру ғана емес, ойды дамыту мен дүниетанымды кеңейтудің маңызды жолы.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Ой салатын кітап: «Парасат майданы» — Өрлеу