Өрлеу Павлодар» филиалында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған сессия өтті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты филиалында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қолға алынған «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы шеңберінде кітап оқу сессиясы өтті.
Акция мақсаты – қызметкерлер арасында кітап оқуды насихаттау, оқырмандық мәдениетті дамыту және кітап оқуды кәсіби әрі тұлғалық дамудың ажырамас бөлігіне айналдыру.
📚 Кездесуде танымал жапондық нейробиолог-ғалым, жазушы әрі тележүргізуші Кен Могидің өмірлік философияға арналған «Икигай» атты әлемдік бестселлері таңдалды.
📌 Филиал ұжымы туындыны алдын ала оқып, оның I, II және III бөлімдерімен танысты. Кітапта жапондықтардың өмір сүру философиясы, ұзақ әрі мағыналы ғұмыр кешудің құпиялары, күнделікті өмірден қуаныш табу және әр адамның өз өмірлік мәнін айқындауы туралы баяндалады.
Автор «икигай» ұғымын адамның өмір сүруге деген құлшынысы, алға жетелейтін мақсаты мен күнделікті ісінен ләззат алуымен байланыстырады.
Сонымен қатар, шығармада асықпай өмір сүру, сүйікті іспен айналысу, қарапайым сәттердің қадірін білу және өмірдегі үйлесімділікті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа пилоттық жобасын іске асыруға байланысты Қарағанды облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілуде.

«ӨРЛЕУ»: НАҚТЫ НӘТИЖЕ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС
Білім сапасын арттыру – жүйелі еңбектің, жаңашыл көзқарас пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.

АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысты берген тапсырмаларын орындау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.