Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен
23 қазан мен 15 желтоқсан аралығында Қоғам қызметкерлері арасында «Оқу
мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясын өткізу жоспарланған болатын. Осы орайда
бүгін Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтында дөңгелек үстел өтті.
Филиал басшысы Нұржан Нұрлыбаев
бұл бастаманың кітап оқуды насихаттау, кітап оқудың корпоративтік мәдениетін
қалыптастыру, сондай-ақ «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында оқырмандық мәдениетті
дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында ұйымдастырылғанын атап
өтті. Сонымен қатар «Өрлеу ұсынады» ұсынымдық әдебиеттер тізімімен таныстырды.
Жеребе нәтижесінде әрбір кітап екі командаға, ал бір кітап үш командаға
бекітілді. Түркістан облысына Юваль Ной
Хараридің «SAPIENS: адамзаттың қысқаша тарихы» кітабы таңдалды.
Институт қызметкерлерінен
құрылған команда алғашқы оқу сессиясында жалпы кітап мазмұнын талқылап, алдағы
жоспарларды пысықтады. Топ басшысы Біржан Шериев өңіраралық ынтымақтасты
нығайту бағытындағы акцияны қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ командаға бекітілген
кітаптың оқу тәртібін, кітап оқу сессиялары барысын түсіндіріп өтті.
Айта кетейік, 23 қазан күні
акцияның ашылуы онлайн форматта өткен болатын. Оған Қоғам басшылығы мен
қызметкерлері қатысты. Ал 27 қарашада бір кітап бекітілген командалар «Кітап
көпірі» бірлескен онлайн сессиясын өткізеді деп жоспарланып отыр.
Басқа жаңалықтар

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
ҚР Ұлттық банкі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен педагогтерге арналған қаржылық сауаттылықты арттыру курсы жалғасуда.

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ МОДЕЛІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ
2026 жылғы 26 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейі» және Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсарин және заманауи педагог моделі: құндылық, құзыреттілік, инновация» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді