Өрлеу

«Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті»

«Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті»

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оқу-ағарту министрлігі кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатындағы республикалық жобаны жүзеге асырып келеді. Осы негізде қолға алынған «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы «Өрлеудің» Түркістан облысы филиалында жалғасын тапты.

 

Бүгін Түркістан облысына жеребе арқылы таңдалған Юваль Ной Хараридің «SAPIENS: адамзаттың қысқаша тарихы» кітабы талқыланды. Екінші оқу сессиясында аға оқытушы Бағлан Қожахмет модератор болды. Талқылау барысында TPR (Total Physical Response) әдісі қолданылды. Яғни жаңа мәлімет пен дене қимылын байланыстыру арқылы меңгертетін оқыту әдісі ұтымды пайдаланылды. Қатысушылар оқығанын тек мазмұндап қоймай, өне бойынан өткізе отырып талдады.

 

Айта кетейік, институт қызметкерлерінен құрылған команда алғашқы оқу сессиясында жалпы кітап мазмұнын талқылап, алдағы жоспарларды пысықтаған болатын. Өңіраралық ынтымақтасты нығайту бағытындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен өтіп жатқан акция 23 қазан мен 15 желтоқсан аралығында жоспарланған. 23 қазан күні акцияның ашылуы онлайн форматта өткен болатын. Оған Қоғам басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Ал 27 қарашада бір кітап бекітілген командалар «Кітап көпірі» бірлескен онлайн сессиясын өткізеді деп жоспарланып отыр.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» — Өрлеу