«Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті»

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ауқымды жұмыстар
атқарылуда. Оқу-ағарту министрлігі кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатындағы
республикалық жобаны жүзеге асырып келеді. Осы негізде қолға алынған «Оқу
мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы «Өрлеудің» Түркістан облысы филиалында
жалғасын тапты.
Бүгін Түркістан облысына жеребе арқылы таңдалған Юваль
Ной Хараридің «SAPIENS: адамзаттың қысқаша тарихы» кітабы талқыланды. Үшінші
оқу сессиясында ұйым мүшелері әр тарау бойынша талқылап, пікірлерін білдірді.
Айта кетейік, институт қызметкерлерінен құрылған команда
бұған дейін екі кітап талқылау ұйымдастырған болатын. Өңіраралық ынтымақтасты
нығайту бағытындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен өтіп жатқан акция аясында
27 қарашада бір кітап бекітілген командалар «Кітап көпірі» бірлескен онлайн
сессиясын өткізеді.
Басқа жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ: ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ
География пәнін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану – білім алушылардың кеңістіктік ойлауын қалыптастыруға, ақпаратты талдау дағдыларын жетілдіруге және функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.

«Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау»
30 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Өрлеу Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды ғылыми-әдістемелік басқосуға 2000-ға жуық педагог қатысып, білім беру саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті.

Курстан кейінгі қолдау және мониторинг: Әдістемелік семинар өтті
Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Курстан кейінгі қолдау және педагог қызметінің мониторингін жүргізу тәртібі» тақырыбында ақпараттық-әдістемелік семинар өтті.