«ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ»: «ИКИГАЙ» КІТАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Кітап
оқитын ұлт» жалпыұлттық акциясы аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жетісу облысы бойынша
филиалында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы өз жалғасын тапты.
Бүгінгі
кездесуде қатысушылар жапон халқының өмір сүру философиясын арқау еткен
«Икигай» кітабын талқылады. Кітапта адамның өмірлік мақсатын айқындау, өз
ісінен қуаныш табу, күнделікті өмірдің мәнін сезіну және үйлесімді өмір сүру
қағидаттары кеңінен қарастырылған.
Талқылау
барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы Ақпараттық
технологиялар және медиа қызметінің кітапханалық-ақпараттық және
редакциялық-баспа қызметі бойынша жетекші маманы Меруерт Тобажан кітаптың
негізгі мазмұнына тоқталып, оның басты идеяларын қатысушылармен бөлісті.
Сонымен
қатар, ол тыңдаушыларға кітаптағы тұжырымдарды күнделікті өмірде тәжірибе
жүзінде қолдануға бағытталған 7 күндік тәжірибе жасауды ұсынды. Бұл тәжірибе әр
қатысушыға өзінің қызығушылықтарын зерделеуге, өмірлік мақсаттарын саралауға
және күнделікті әдеттеріне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Кітап
талқылауы қатысушылардың ой бөлісуіне, жаңа идеялармен танысуына және кітап
оқудың жеке тұлғалық әрі кәсіби дамудағы маңызын тереңірек түсінуіне ықпал
етті.
Оқу
– ойды дамытатын, ал ортақ оқу мәдениеті – ұйымды біріктіретін құндылық!
Басқа жаңалықтар

Шардарада педагогтерге арналған оқыту семинары өтті
23-24 қараша аралығында Шардара ауданы, №1 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Цифрлық білім беру контекстіндегі пәнаралық байланыс: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың инновациялық әдістері» тақырыбындағы оқыту семинары өтті.

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖИ ҚҰРАЛДАРЫ: ТИІМДІ ӘДІСТЕР ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Филиал қабырғасында «Үштік спираль» моделі негізінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және курста меңгерген білімдерін тәжірибеде қолдануына бағытталған курстан кейінгі қолдау вебинары ұйымдастырылды.

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ: ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР
Филиалда педагогтерді курстан кейінгі қолдау аясында «География пәнінде ЖИ құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету және мұғалімдердің ЖИ арқылы оқу тапсырмаларын құрастыру қабілеттерін дамыту» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.