«ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ»: АЛҒАШҚЫ КІТАП ОҚУ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы шеңберінде алғашқы ұжымдық кітап оқу сессиясы өтті.
Кездесудің мақсаты – ұжым арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандық белсенділікті арттыру, көркем әдебиет арқылы рухани құндылықтарды дәріптеу және қызметкерлердің кәсіби әрі тұлғалық дамуына ықпал ету.
Сессия барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» шығармасы талқыланды.
Кітап талқылау бірнеше мазмұнды бөлімді қамтыды. Қатысушылар шығармадағы өздеріне ерекше әсер еткен үзінділермен бөлісіп, туындының негізгі идеялары төңірегінде ой қозғап, пікір алмасты. Кездесу төмендегідей бөлімдер бойынша ұйымдастырылды:
🔹«Кітап – ой алаңы» – кіріспе бөлім.
🔹 «Менің таңдаған үзіндім» – шығармадағы әсерлі үзінділермен бөлісу.
🔹 «Парасат майданы: ой мен пікір» – сұрақ-жауап және пікірталас алаңы.
🔹 «Бір кітап – бір ой» – шығармадан түйген ойларды ортаға салу.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, шығармада көтерілген адам болмысы, ізгілік пен зұлымдық, ар-ождан және рухани құндылықтар мәселелері талқыланды.
Кітап оқу сессиясы көркем әдебиетті бірге оқып, ой бөлісудің ұжымдық байланысты нығайтып, ортақ рухани құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын көрсетті.
«Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» бастамасы аясындағы
әдеби кездесулер алдағы апталарда да өз жалғасын табады!
Басқа жаңалықтар

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ: ТАТЬЯНА ХВАНМЕН КӘСІБИ КЕЗДЕСУ
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау мәселелеріне арналған кәсіби кездесу өтті.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты мен «Zerdeli Group» ЖШС білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды

«ЖАҢА ЖОБА - ЖАҢА МҮМКІНДІК»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және аттестаттаудың жаңа талаптарын түсіндіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен «Жаңа жоба – жаңа мүмкіндік» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.