«ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ»: ЕКІНШІ КІТАП ТАЛҚЫЛАУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгін,
13 қараша күні «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Оқу
мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы шеңберіндегі екінші ұжымдық кітап талқылау
кездесуі өтті.
📖 Кездесудің негізгі мақсаты – ұжым арасында кітап оқу
мәдениетін дамыту, оқырмандық белсенділікті арттыру, оқылған шығармалар
негізінде ой бөлісу және ортақ рухани құндылықтарды қалыптастыру.
💬 Кездесу барысында қатысушылар алғашқы кітап оқу
сессиясында басталған талқылауды жалғастырып, өз ойлары мен пікірлерін ортаға
салды. Сонымен қатар кітап оқу бастамасын одан әрі дамыту, алдағы кездесулердің
мазмұны мен форматын жетілдіру, келесі кезеңге арналған жоспарлар мен ұсыныстар
талқыланды.
📚 Сонымен қатар, кітап оқу акциясы аясында оқуға алдын ала
белгіленген 10 кітап филиалымызға келіп түсті. Кездесу барысында ұжым
мүшелеріне жаңа кітаптар таныстырылып, олардың мазмұны мен алдағы оқу үдерісін
ұйымдастыру мәселелері сөз болды.
✨
Кітап оқу – тек жеке даму құралы ғана емес, сонымен қатар ұжым мүшелерін ортақ
ой мен рухани құндылықтар төңірегінде біріктіретін маңызды мәдени орта.
📚 «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» бастамасы аясындағы
кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұжымның тұрақты кітап оқу дәстүрін
қалыптастыруға бағытталады!
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа пилоттық жобасын іске асыруға байланысты Қарағанды облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілуде.

«ӨРЛЕУ»: НАҚТЫ НӘТИЖЕ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС
Білім сапасын арттыру – жүйелі еңбектің, жаңашыл көзқарас пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.

АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысты берген тапсырмаларын орындау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.