Қаржылық сауаттылыққа бағытталған курс

Бүгін «Қаржылық сауаттылық
негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының кезекті топтары
аяқталды.
Филиал басшылығы тыңдаушыларға
сертификат табыстап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы
бойынша Кәсіби даму институты базасында өткен курс орта білім беру ұйымдарының
басшылары мен математика пәні педагогтеріне арналған. Курс тренерлері – Жанат
Райымқұлова, Мырзаиым Сариева.
Курс барысында тыңдаушылар жеке
қаржыны тиімді жоспарлау және басқару принциптерін меңгерді. Қаржы өнімдері мен
қызметтерінің негізгі түрлерімен танысып, оларды тиімді әрі қауіпсіз пайдалану
жолдарын үйренді. Алған білімдерін практикалық тапсырмалар мен өмірлік
жағдаяттар арқылы бекітті.
Басқа жаңалықтар

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
ҚР Ұлттық банкі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен педагогтерге арналған қаржылық сауаттылықты арттыру курсы жалғасуда.

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ МОДЕЛІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ
2026 жылғы 26 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейі» және Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсарин және заманауи педагог моделі: құндылық, құзыреттілік, инновация» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді