LESSON STUDY: ЗЕРТТЕУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедра отырысында Lesson Study зерттеуін ұйымдастырудың әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында Lesson Study үдерісінің негізгі кезеңдері мен оны жүзеге асыру тәртібі қарастырылды. Сонымен қатар сабақ барысында оқушылардың оқу әрекетін, белсенділігін және зерттеушілік дағдыларының қалыптасуын бақылауға арналған бақылау парақтары әзірленіп, зерттеу нәтижелерін талдау құралдары дайындалды.
Жұмыстың негізгі мақсаты – мұғалімдердің бірлескен зерттеу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың оқу үдерісін тереңірек зерделеу және педагогикалық тәжірибені жетілдіру.
Lesson Study – оқыту сапасын арттыруға, бірлескен кәсіби ізденісті дамытуға және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған тиімді тәсіл.
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа пилоттық жобасын іске асыруға байланысты Қарағанды облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілуде.

«ӨРЛЕУ»: НАҚТЫ НӘТИЖЕ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС
Білім сапасын арттыру – жүйелі еңбектің, жаңашыл көзқарас пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.

АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысты берген тапсырмаларын орындау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.