МЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПОРТРЕТІМ: БОЛАШАҚ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ

Болашақ мұғалім қандай болуы керек? Ұстаздық мамандыққа қажетті қасиеттер адамның бойында қалай қалыптасады? Өз қабілетіңді болашақ кәсібіңмен байланыстыра аласың ба?
Осы сұрақтар «Ұстаздыққа қадам: кәсіби бағдар және педагогикалық тәжірибе» жобасы аясында ұйымдастырылған «Менің педагогикалық портретім» постер қорғау шарасының өзегіне айналды.
«Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-интернатының 10-сынып оқушылары өздерінің болашақ педагог ретіндегі бейнесін таныстырып, мұғалімге қажетті кәсіби және тұлғалық қасиеттерді саралады.
Шығармашылық жұмыс барысында оқушылар ұстазға тән жауапкершілік, әділдік, шыдамдылық, ізденімпаздық, шығармашылық, қарым-қатынас мәдениеті сияқты қасиеттердің маңызын зерделеп, өз бойындағы ерекшеліктерді болашақ мамандықпен байланыстыруға мүмкіндік алды.
Постер қорғау оқушылардың өзін-өзі тануына, өз мүмкіндіктерін бағалауына, ойын жүйелі жеткізуіне және кәсіби болашағы туралы ойлануына жағдай жасады.
Сонымен қатар, қатысушылар ұстаздықтың тек білім берумен шектелмейтінін, оның адамға ықпал ету, тұлғаның дамуына қолдау көрсету және үздіксіз іздену жауапкершілігін қамтитынын түсінуге қадам жасады.
Болашақ ұстаздың қалыптасуы – алдымен өзіңді танудан, өз қабілетіңді бағалаудан және кәсіби дамуға дайын болудан басталады.
«Ұстаздыққа
қадам» жобасы аясындағы мұндай тәжірибелік жұмыстар оқушылардың педагогикалық
мамандыққа қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби бағытын саналы түрде
айқындауына ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ: ТАТЬЯНА ХВАНМЕН КӘСІБИ КЕЗДЕСУ
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау мәселелеріне арналған кәсіби кездесу өтті.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты мен «Zerdeli Group» ЖШС білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды

«ЖАҢА ЖОБА - ЖАҢА МҮМКІНДІК»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және аттестаттаудың жаңа талаптарын түсіндіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен «Жаңа жоба – жаңа мүмкіндік» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.