Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды

Семинардың мақсаты – педагогтердің жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізу дағдыларын жетілдіру және цифрлық технологияларды пәндік оқытуда тиімді қолдану мүмкіндіктерін кеңейту.
Іс-шара барысында мұғалімдер қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллект құралдарын пайдаланудың практикалық үлгілерімен танысты. Атап айтқанда, AI көмегімен оқу тапсырмаларын құрастыру, мәтіндерді талдау және оқушылардың жұмысын бағалау жолдары тәжірибе жүзінде қарастырылды.
Сонымен қатар қатысушылар нақты оқу жағдайларына арналған әдістемелік мысалдармен бөлісіп, жасанды интеллектіні сабақ мазмұнына кіріктірудің тиімді тәсілдерін талқылады.
Курстан кейінгі қолдауды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Айгүл Абайдуллаева мектеп ұжымымен бірлесе ұйымдастырып, педагогтерге практикалық-әдістемелік көмек көрсетті.
Семинар мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін жетілдіруге, тәжірибе алмасуына және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді пайдалануға бағытталды.
Басқа жаңалықтар

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫ: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді.

БІР МӘСЕЛЕ – БІРНЕШЕ ШЕШІМ: ЗАМАНАУИ САБАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазіргі сабақта ең маңыздысы – оқушының дұрыс жауапты білуі ғана емес, сол жауапқа апаратын түрлі жолдарды көре білуі. Ал мұндай қабілетті дамытуда цифрлық технологиялардың мүмкіндігі қандай?

«ӨРЛЕУДЕ» ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ БАСТАЛДЫ
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» атты акция басталды. Бастамаға еліміздің 20 филиалынан құралған 21 команда қатысып, командалық оқу арқылы ортақ әдеби кеңістік қалыптастыруға кірісті.