Қазіргі мектепте тәлімгерлікті ұйымдастыру дегеніміз не?

Қазіргі білім беру жүйесінде
педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, жас мамандардың кәсіби қалыптасуына
қолдау көрсету және педагогикалық тәжірибе алмасу мәдениетін дамыту – өзекті
міндеттердің бірі. Осы бағытта «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби
даму институтында 27 қазан мен 6 қараша аралығында біліктілікті арттыру курс
өтуде. «Қазіргі мектепте тәлімгерлікті ұйымдастыру» тақырыбындағы орта білім
беру ұйымдарының педагогтеріне арналған курстың жетекшісі – Салтанат
Жолшыбекова.
Оқу барысында тыңдаушылар
тәлімгерліктің нормативтік-құқықтық және теориялық негіздерін зерделеп, мектеп
жағдайында тәлімгерлік үдерісті тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін
меңгеруде. Атап айтқанда, тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы кәсіби ынтымақтастықты
қалыптастыру, жас педагогті қолдаудың тиімді жолдары, тәлімгерліктің жеке,
көлденең және командалық модельдерін қолдану, кәсіби рефлексия мен тәжірибе
алмасу мәселелеріне басымдық берілуде. Тәжірибелік жұмыстар, топтық талқылаулар
мен тәжірибеге бағытталған тапсырмалар арқылы тыңдаушылар тәлімгерлік қызметті
ұйымдастыру дағдыларын жетілдіріп, оны білім беру ұйымының тәжірибесіне енгізу
жолдарын қарастыруда.
Курстың мақсаты – заманауи
мектепте тәлімгерлік процесін тиімді ұйымдастыру үшін тәлімгерлердің кәсіби
құзыреттіліктерін жетілдіру. Тәлімгерлік – тәжірибені жеткізу ғана емес, кәсіби
дамуға жол ашу, әріптестік қолдау көрсету және білім сапасын арттыруға бағытталған
ортақ жауапкершілік.
Басқа жаңалықтар

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Кездесу барысында қазіргі еңбек нарығында аналитикалық және сыни ойлау, креативтілік, технологиялық сауаттылық, коммуникация және үздіксіз білім алу қабілеттерінің маңыздылығы атап өтілді. Спикердің айтуынша, бүгінгі білім беру жүйесінің міндеті – оқушыны белгілі бір мамандыққа ғана емес, өзгерістерге бейімделуге үйрету. Сондай-ақ жасанды интеллект дәуірінде адамның эмпатия, жүйелі ойлау, шығармашылық және белгісіз жағдайда шешім қабылдау секілді қабілеттерін дамыту қажеттілігі сөз болды.

ҚАЗЫҒҰРТТА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтының жоспарына сәйкес 27 қазан мен 6 қараша аралығында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқу курсы өтуде. Курс жетекшісі – Махфуза Мусаева.

«ӨРЛЕУДЕ» ТӨРТ КҮНДІК КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Тәжірибеге негізделген оқыту: педагогтердің кәсіби дамуындағы тренердің рөлі» тақырыбындағы төрт күндік оқыту қорытындыланды.