ҰЛТТЫҚ КОД ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында білім мен ғылымды, озық инновациялар
мен жаңа технологияларды ел дамуының маңызды қозғаушы күші ретінде атап өтіп,
жасанды интеллектіні терең меңгерудің стратегиялық маңыздылығына тоқталды.
Осы
басымдықтарды іске асыру аясында Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін
жаңғыртуға, цифрлық технологияларды енгізуге және педагогтердің кәсіби әлеуетін
арттыруға басымдық беруде. Бұл бағыттағы жұмыстарды «Өрлеу» біліктілікті
арттыру ұлттық орталығы ғылыми-әдістемелік бастамалар арқылы жүйелі түрде
жалғастыруда.
Соның бірі – «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты
ұйымдастырған «Қазақ тілі мен әдебиеті: ұлттық код және заманауи білім беру
кеңістігі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция.
Ғылыми
жиынға еліміздің әр өңірінен орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен
басшылары, қосымша білім беру және біліктілікті арттыру ұйымдарының
қызметкерлері, жоғары оқу орындарының өкілдері, магистранттар мен докторанттар
қатысты.
Конференцияның
негізгі мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін оқыту арқылы ұлттық кодты сақтаудың
және дамытудың ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік негіздерін талқылау, заманауи
білім беру үдерісіндегі инновациялық тәсілдер мен цифрлық технологиялардың
мүмкіндіктерін саралау, отандық ғалымдар мен педагогтердің озық тәжірибесін
зерделеу және тарату.
Конференция
барысында қатысушылар тілдік орта қалыптастыру, ерте жастан тіл дамыту және
ұлттық тәрбие, қазақ әдебиеті арқылы ұлттық құндылықтар мен функционалдық
сауаттылықты қалыптастыру, инклюзивті білім беруде оқытудың тиімді әдістерін
қолдану, сондай-ақ әдеби білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу
бағытындағы ғылыми ізденістері мен педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция
қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ұлттық құндылықтарды
дәріптеу, ана тілінің рухани-мәдени әлеуетін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру,
білім беру үдерісіне заманауи педагогикалық және цифрлық тәсілдерді енгізу
жөнінде маңызды ұсыныстар айтылды.
Ғылыми-тәжірибелік
конференция отандық ғалымдар мен педагогтер арасындағы кәсіби байланысты
нығайтып, өзара тәжірибе алмасуға, ғылыми-әдістемелік ізденістерді дамытуға
және озық педагогикалық идеяларды таратуға мүмкіндік берген мазмұнды диалог
алаңына айналды.
Басқа жаңалықтар

ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ТРЕНЕРДІҢ РӨЛІ
3 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалында кәсіби даму апталығы аясында аға оқытушыларға арналған төрт күндік оқыту басталды. Алғашқы күн «Мұғалімдердің кәсіби даярлығындағы тренердің рөлі: тәжірибеге негізделген оқыту» тақырыбына арналды.

ТИІМДІ САБАҚ ТАЛДАУЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ДАМУ
2026 жылғы 16 қыркүйекте «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтында курстан кейінгі қолдау жоспарына сәйкес, Жуалы ауданының педагогтеріне арналған «Сабақты көру – түсіну – жақсарту: тиімді талдау алгоритмдері» тақырыбында тренерлік сағат өткізілді.

«Адал азамат » біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.
«Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» біліктілікті арттыру курсы басталды. Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларына арналған «Адал азамат” біртұтас тәрбие құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.