КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ!

Қарағанды облысы Шет ауданы Жамбыл Ақбаев
атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Болкенбаева Айгерім Дәулетиарқызына жоғары біліктілік санаты – «педагог-шебер»
берілді.
Айгерім Дәулетиарқызы – Ы. Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы мақұлдаған екі авторлық білім беру
бағдарламасы мен әдістемелік құралдың авторы:
* «Эссе жазып үйренейік» (10-сынып, 2018
жыл);
* «Шағын ғылыми жазудың жолдары» (8-сынып,
2024 жыл);
* «Эссе жазудың тиімді жолдары» –
9–11-сынып мұғалімдері мен оқушыларына арналған әдістемелік құрал (2020 жыл).
Педагогтің кәсіби жетістіктері қатарында:
* 2021 жылғы «Үздік педагог» республикалық
байқауының жеңімпазы;
* 2025 жылғы «Үздік авторлық бағдарлама»
республикалық байқауының жеңімпазы;
* 2025 жылдан бастап «Өрлеу. Тиімді сабақ»
әдістемелік журналының редакциялық алқасының мүшесі;
* 2025 жылғы «Педагогикалық идеялар
панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңі сарапшылар кеңесінің
мүшесі.
Сонымен қатар педагог білім беру
саласындағы цифрлық ресурстарды дамытуға да үлес қосып келеді. Оның YouTube
арнасында мұғалімдерге арналған 212 бейнематериал жарияланған, жазылушылар саны
– 19,6 мың. Ал Telegram арнасының 779 оқырманы бар.
Айгерім Дәулетиарқызын «педагог-шебер»
біліктілік санатының берілуімен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби табыс,
шығармашылық шабыт және отандық білім беру саласын дамыту жолындағы еңбегіне
толағай жетістіктер тілейміз!
Басқа жаңалықтар

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫ: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді.

БІР МӘСЕЛЕ – БІРНЕШЕ ШЕШІМ: ЗАМАНАУИ САБАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазіргі сабақта ең маңыздысы – оқушының дұрыс жауапты білуі ғана емес, сол жауапқа апаратын түрлі жолдарды көре білуі. Ал мұндай қабілетті дамытуда цифрлық технологиялардың мүмкіндігі қандай?

«ӨРЛЕУДЕ» ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ БАСТАЛДЫ
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» атты акция басталды. Бастамаға еліміздің 20 филиалынан құралған 21 команда қатысып, командалық оқу арқылы ортақ әдеби кеңістік қалыптастыруға кірісті.