КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР: БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалының қабырғасында
және Ойыл ауданында мемлекеттік тапсырыс аясында кезекті біліктілікті арттыру
курстары өз жұмысын бастады.
Педагогтер үшін бұл — кәсіби білімді толықтырып қана қоймай, қалыптасқан
тәжірибеге жаңа көзқараспен қарап, заманауи тәсілдер мен тиімді құралдарды
меңгеруге мүмкіндік беретін маңызды кезең.
Курс барысында тыңдаушылар өзара тәжірибе алмасып, практикалық тапсырмалар
орындау арқылы білімдерін жетілдіреді. Сонымен қатар күнделікті педагогикалық
қызметте қолдануға болатын жаңа идеялар мен тиімді әдістерді меңгереді.
Әр курс — жаңа білім. Әр жаңа білім — кәсіби тәжірибені жетілдіруге жасалған
қадам.
Құрметті педагогтер, алдағы оқу кезеңі мазмұнды кездесулерге, пайдалы
тәжірибеге және кәсіби жаңа идеяларға толы болсын! ✨
Басқа жаңалықтар

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Кездесу барысында қазіргі еңбек нарығында аналитикалық және сыни ойлау, креативтілік, технологиялық сауаттылық, коммуникация және үздіксіз білім алу қабілеттерінің маңыздылығы атап өтілді. Спикердің айтуынша, бүгінгі білім беру жүйесінің міндеті – оқушыны белгілі бір мамандыққа ғана емес, өзгерістерге бейімделуге үйрету. Сондай-ақ жасанды интеллект дәуірінде адамның эмпатия, жүйелі ойлау, шығармашылық және белгісіз жағдайда шешім қабылдау секілді қабілеттерін дамыту қажеттілігі сөз болды.

ҚАЗЫҒҰРТТА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтының жоспарына сәйкес 27 қазан мен 6 қараша аралығында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқу курсы өтуде. Курс жетекшісі – Махфуза Мусаева.

«ӨРЛЕУДЕ» ТӨРТ КҮНДІК КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Тәжірибеге негізделген оқыту: педагогтердің кәсіби дамуындағы тренердің рөлі» тақырыбындағы төрт күндік оқыту қорытындыланды.