Өрлеу

Педагогтерді аттестаттаудың жаңа жобасы

Педагогтерді аттестаттаудың жаңа жобасы
2026 жылғы 13 қарашада Бұқар жырау ауданында білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарының жаңа стандарттары мен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге арналған аудандық оқыту семинар-тренингі өтті.
Іс-шара аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Жетпісбаева Мейрамгүл Асылбекқызы «Педагогтерді аттестаттаудың жаңа пилоттық жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары» тақырыбында спикер ретінде сөз сөйледі.
Өз сөзінде Мейрамгүл Асылбекқызы пилоттық жобаның негізгі ережелеріне жан-жақты тоқталып, оның ерекшеліктерін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жобаны тәжірибеде іске асыру мәселелерін талқылау қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Білім беру ұйымдарының басшылары белсенділік танытып, көптеген сұрақтар қойып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақты түсініктемелер алды.
Мұндай кәсіби өзара іс-қимыл форматы басшыларды жаңашылдықтармен уақтылы таныстырып қана қоймай, оларды тәжірибеде іске асыру тәсілдері бойынша ортақ түсінік қалыптастыруға мүмкіндік 
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Педагогтерді аттестаттаудың жаңа жобасы — Өрлеу