Өрлеу

«STEM – педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

«STEM – педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Байқаудың негізгі мақсаты – STEM-білім беру саласындағы педагогтердің инновациялық тәжірибесін анықтау, қолдау және тарату арқылы білім сапасын арттыруға үлес қосу.

Байқауға еліміздің әр өңірінен 100-ден астам педагог қатысып, өздерінің үздік жобалары мен авторлық тәжірибелерін ұсынды. Қатысушылардың жұмыстары ғылым, технология, инженерия және математика бағыттарын қамтып, оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық және технологиялық дағдыларын дамытуға бағытталды. Сонымен қатар экологиялық мәдениет, әлеуметтік жауапкершілік және кәсіптік бағдар беру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Байқау қорытындысы бойынша төрт бағытта үздік деп танылған педагогтер марапатталды:

  • I орын – 4 жеңімпаз;

  • II орын – 4 жүлдегер;

  • III орын – 4 жүлдегер.

Үздік жобалардың авторлары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар олардың жұмыстары республикалық әдістемелік жинаққа енгізіліп, озық тәжірибелерін республика көлемінде таратуға мүмкіндік берілді.

«STEM – педагог» байқауы педагогтердің инновациялық бастамаларын қолдауға, тәжірибе алмасуға және STEM-білім беруді дамытуға бағытталған маңызды кәсіби алаңға айналды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Ұйымдастырушыларға, барлық қатысушыларға және іс-шараны қолдаған «Арман-ПВ» баспасының бас директоры Алина Дидара Солтан-Махмудовнаға алғыс білдіреміз!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар