ӨРЛЕУ-TRAINER: КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Филиалда тренерлерге арналған «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы басталды. Тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, озық педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау бағытындағы оқыту семинарларының қорытындысы бойынша үздік авторлық әдістемелер жинағы шығарылып, жұмыс тәжірибесіне енгізіледі.
Апталықтың алғашқы семинары «Жас маманның кәсіби дамуы: қиындықтар мен шешу жолдары» тақырыбына арналды. Өз құқықтары мен міндеттерін жетік білу жас маманның кәсіби қызметінде кездесетін қиындықтарды еңсеруіне, сенімді шешім қабылдауына және білікті маман ретінде қалыптасуына негіз болады. Осыған орай, семинарда заңнама талаптарын педагогтерге түсінікті жеткізудің және оларды тәжірибеде қолдануға үйретудің жолдары көрсетілді.
Қатысушылар педагогтің құқықтары мен міндеттері, еңбек қатынастары, кәсіби әдеп, оқу үдерісін жоспарлау және міндетті құжаттарды жүргізу талаптарын күнделікті тәжірибемен байланыстыра түсіндіру жолдарын талқылады.
Практикалық бөлімде аға оқытушылар педагогикалық қызметте кездесетін жағдаяттық кейстермен жұмыс істеп, кәсіби тәжірибелері мен нормативтік талаптарға сүйене отырып, шешімдер ұсынды.
Осындай тәжірибе алмасу шаралары оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіріп, біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын байытуға және педагогтерге көрсетілетін әдістемелік қолдаудың сапасын арттыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар


«Бір курс – бір кітап»: «Алғашқы ұстаз» повесі аясындағы жағдаяттық талдау
Іс-шара барысында курс тыңдаушылары 5 топқа бөлініп, «Кейс» әдісі арқылы жағдаяттық талдау жүргізді. Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдай отырып, педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді талқылап, нақты шешімдер ұсынды.
