Өрлеу

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: ТЫҢДАУШЫЛАР ОҚУДЫ СӘТТІ АЯҚТАДЫ

 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: ТЫҢДАУШЫЛАР ОҚУДЫ СӘТТІ АЯҚТАДЫ

2025 жылғы 24–28 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалында «Қаржылық сауаттылықтың негіздері» тақырыбында оқу курсы өтті.

Бес күндік оқу барысында тыңдаушылар қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен танысып, жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау, кірістер мен шығыстарды тиімді басқару, қаражат жинақтау және қаржылық мақсаттарды айқындау мәселелері бойынша білімдерін толықтырды. Сонымен қатар күнделікті өмірде қаржылық шешімдерді жауапкершілікпен қабылдау жолдарын қарастырды.

Курс соңында оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды.


Бөлісу

Басқа жаңалықтар