ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ «ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДА СҮЙЕМЕЛДЕУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында қала және аудан бойынша қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған офлайн форматта ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуде пилоттық жоба аясында педагогтерді «Ұстаз» платформасында сүйемелдеу, сондай-ақ қосымша білім беру педагогінің портфолиосын қалыптастыру талаптары мен оны платформаға орналастыру тәртібі түсіндірілді.
Қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, портфолио дайындау және «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу бойынша нақты түсіндірмелер алды.
Басқа жаңалықтар

«КІТАП КӨПІРІ»: «ҰШҚАН ҰЯ» – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ
Елімізде «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында жүзеге асырылуда.

«КІТАП КӨПІРІ»: «ӨРЛЕУ» ФИЛИАЛДАРЫ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында, «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы шеңберінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы мен Алматы қаласы бойынша филиалы ұжымдары арасында «Кітап көпірі» атты онлайн телекөпір өтті.

Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалында аға оқытушыларға арналған кәсіби сағат өтті
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалында заманауи оқыту әдістерін меңгеруге және педагогикалық тәжірибе алмасуға арналған кәсіби сағат өтті. Іс-шараға білім беру тәжірибесін жаңартуға және сабақтардың сапасын арттыруға бағытталған аға оқытушылар мен мамандар қатысты.