ЖАС МҰҒАЛІМДЕРДІ ҚОЛДАУДАН – ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ мен Британдық Кеңестің (British Council) үздіксіз кәсіби даму (ҮКД) жөніндегі бірлескен жобасы аясында жобаға қатысатын Ақтөбе қаласындағы мектептерінде жұмыс кездесулері ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Smart Bilim мектеп-гимназиясы, «БІЛІМ» мектеп-гимназиясы, № 9 мектеп-гимназиясы және № 26 орта мектеп қамтылды.
Кездесулер барысында жобаның үйлестірушісі, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Ақтөбе облысы бойынша КДИ қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы Наталья Пеннер мектептердің тәжірибесімен танысып, педагогтермен және мектеп командаларының өкілдерімен пікір алмасты. Әңгіме барысында ағылшын тілі пәнінің жас мұғалімдерінің кәсіби қалыптасуы мен ҮКД ресурстарын білім беру үдерісіне енгізу ерекшеліктері талқыланды.
Жобаның негізгі
мақсаты – ағылшын тілін оқыту саласындағы қазақстандық сарапшылардың жұмыс тобы
әзірлеген «Ағылшын тілі пәнінің жас мұғалімдеріне арналған нұсқаулықты»
білім беру тәжірибесіне енгізу. Бұл ресурс кәсіби қызметінің алғашқы 1–3
жылындағы педагогтерді қолдауға, олардың жеке кәсіби даму траекториясын
қалыптастыруына, оқыту дағдыларын жетілдіруіне және кәсіби міндеттерді сенімді
шешуіне бағытталған.
Жобаны іске асырудың маңызды кезеңдерінің бірі – Ақтөбе қаласындағы іріктелген 10 мектептің қатысуы. Аталған білім беру ұйымдары ұсынылған ресурсты мектеп тәжірибесіне енгізуде. Бұл – жас мамандарға кәсіби жолының бастапқы кезеңінде қолдау көрсетіп қана қоймай, педагогтердің өзара кәсіби ынтымақтастығын нығайтуға, тәлімгерлік мәдениетін дамытуға және мектеп жағдайында үздіксіз кәсіби білім алуға мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Мектептерге бару жобаның идеялары нақты білім беру ортасында қалай жүзеге асырылып жатқанын зерделеуге, қатысушылардың пікірін тыңдауға, туындаған мәселелерді талқылауға және Нұсқаулықты тиімді енгізу бойынша алдағы қадамдарды айқындауға мүмкіндік берді.
Бірлесе
отырып, жас мұғалімдерге қолдау көрсетілетін, олардың кәсіби тұрғыдан дамуына
және таңдаған мамандығында сенімді қадам басуына жағдай жасаймыз!
Басқа жаңалықтар

Меркі ауданында ғылыми және әдістемелік мақала жазу бойынша семинарлар өткізілді
Меркі ауданындағы Трубицына атындағы мектепте, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейде және №39 мектеп-гимназиясында педагогтерге арналған ғылыми және әдістемелік мақала жазу бойынша ақылы семинар-практикумдар өткізілді.

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институтының ұжымы мектеп педагогтерімен маңызды кездесу өткізді

«ҚҰНДЫЛЫҚТЫ САБАҚТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ»: БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ПРАКТИКУМ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн-практикум өтті. Қала және облыс педагогтері қатысқан кездесуде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын сабақ мазмұнына кіріктіру жолдары қарастырылды.