Болашақ педагогке – теориядан тәжірибеге: ҚазҰУ-да қазақ әдебиеті сабағын жоспарлау бойынша семинар-сабақ өтті

Семинарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті м.а., PhD докторы Гулмария Турысбековна Оспанова мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, докторант Айжан Идрисовна Есентаева бірлесіп өткізді. Семинарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – болашақ педагогтердің спиральді білім мазмұнының мәнін, оның оқу мақсаттарымен сабақтастығын түсінуіне және қысқа мерзімді жоспарды пәннің оқыту ерекшелігіне сәйкес құрастыру жолдарын тәжірибе арқылы зерделеуіне мүмкіндік беру. Семинарда сабақ жоспарлаудың білім беру үдерісіндегі рөлі, педагогтің сабақты не үшін жоспарлайтыны қарастырылды. Оқу мақсатын сабақ мақсатына қалай айналдыруға болады, бағалау тапсырмасы оқу мақсатымен қалай байланысады деген кәсіби сұрақтар төңірегінде талқылау ұйымдастырылды.
Сабақ жоспарлаудың әр кезеңі нақты тәжірибелік үлгі арқылы көрсетілді. Мысал ретінде 10-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасы алынды. Қатысушылар шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясына арналған авторлық қысқа мерзімді жоспарды бірлесіп талдады. Жоспардың негізгі оқу мақсаты – 10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну.
Қысқа мерзімді жоспарды талдау барысында студенттер «оқу мақсаты – сабақ мақсаты – бағалау критерийі – оқу тапсырмасы – оқушы әрекеті – бағалау – кері байланыс» арасындағы сабақтастықты нақты мысалдар арқылы зерделеді. Әсіресе мақсатты дұрыс айқындауға, сабақтың басы, ортасы мен соңындағы әрекеттерді жүйелі жоспарлауға, уақытты тиімді бөлуге және оқушының белсенді әрекетін ұйымдастыруға назар аударылды.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ерекшелігіне сәйкес оқылым алды, оқылым кезі және оқылымнан кейінгі тапсырмалардың өзара байланысы көрсетілді. «Ескендір» поэмасының сюжеттік-композициялық құрылымын экспозициядан шешімге дейін талдауға арналған сұрақтар арқылы студенттер көркем мәтінді жай мазмұндаудан гөрі талдау, интерпретациялау, дәлелдеу және автор ұстанымын анықтауға бағытталған тапсырмалар құрастырудың маңызын түсінді.
Басқа жаңалықтар

Білім берудегі инновациялар: «Өрлеу» Ақмола филиалында конференция өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Жаңашыл мектеп: білім сапасы, инновациялар және педагогикалық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында «Білім беру процесінде біртұтас тәрбие құндылықтарын іске асыру» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҮНДЕСТІГІ: КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Бүгінде жасанды интеллект – білім алушының шығармашылық әлеуетін ашуға, тың идеяларын жүзеге асыруға және оқу үдерісін жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік беретін заманауи құрал. Әсіресе, шығармашылық пен практикалық әрекетке негізделген көркем еңбек пәнінде оның мүмкіндігі мол.